Қалдыгүл Қалдыгүл

МГУ –ге 20 грант бөлінген , мен баламның құжаттарын тапсырдым. 11 класс бітірген балам оған бара ала ма?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Әкімінің гранты бойынша Қазалы ауданының білім бөлімі тарапынан Өзіңізге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Анаргуль Капаева

Сәлеметсізбе? Менің білгім келгені Экологиялық апат аймағында тұратын тұрғындар зейнет жасы алдағы уақытта үкіметте қаралатын болама?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазалы ауданы әкімдігі Өзіңізді қабылдап, толық түсіндірме жұмыстарын жүргізгендігін білдіреміз.


АЙГҮЛ Кадирбай

Құрметті Қырымбек Елеу ұлы! Мен биыл жоғарғы оқу орнының бітіремін. Ауылшаруашылығы саласында жұмысқа тұрып, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуды жоспарлап отырмын. Бірақ тұрғын үйді Қазалы ауданынан емес, Қызылорда қаласынан салынып жатқан жаңа үйлерден алғым келеді. Қәзір тұрмыстамын. Жас отбасы ретінде қолдау көрсетіледі ме?

Сұраққа жауап 18.03.2019

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2009 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Бұл бағдарлама ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек. Сондықтан, аталған бағдарлама бойынша қалалық жерден үй алу мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлаймыз. Бағдарлама ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы талаптарына сәйкес жұмыс жасайды.


Салтанат Жеткергенова

Ауыл шаруашылығымен айналысу үшін шағын несие алу үшін залог қажет пе, қалй алуға болады?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Ауыл шаруашылығымен айналысу үшін несие қаражаттарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №477 бұйрығымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұпыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағадарламасының 1-қосымшасымен берілген шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларының негізінде алуға болады. Кредит немесе микрокредит алу үшін кепілдеме қажет етіледі. Алайда кредит немесе микрокредит алу барысында кепілдеме жеткіліксіз болған жағдайда жоғарыда аталған бағдарламаның 2-қосымшасының қағидаларымен ауылдық жерлерде және шағын қаларда микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестер беретін кредиттер/микроктредиттер бойынша кепілдік беру қарастырылған. Қағиданың 2.10. тармағына сәйкес кепілдеме ісін жаңа бастаған кәсіпкер мен зәкірлік кооперация қатысушылары үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85%-ынан жоғары бола алмайды. Кредит/микрокредит сомасының кепілдікпен қамтамасыз етілмеген қалған 15%-ы Қатысушының және/немесе үшінші тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуі арқылы беріледі. Сондай-ақ қағиданың 2.11. тармағына сәйкес, кепілдеме кредит/микрокредит алу үшін МҚҰ-ға/КС-ға жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан асатын жұмыс істеп жүрген кәсіпкер және зәкірлік кооперацияға қатысушы үшін кепілдік мөлшері кредит/микрокредит сомасының 50%-ынан жоғары бола алмайды. Кредит/микрокредит сомасының кепілдікпен қамтамасыз етілмеген қалған %-ы Қатысушының және/немесе үшінші тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуі арқылы беріледі. Туындаған сұрақтар бойынша Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне 8/7242/60-54-43 хабарлассаңыз болады.


Мұса Келдібаев

Сырдария елімізде күріш өндірумен аты шыққан бірден-бір аудан. Ауданда күріш шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Диқандар соңғы жылдары күріштен жақсы өнім алуда. Бірнеше жыл қатарынан облыста үздіктер қатарынан көрінді. Күріштің жаны су десек те соңғы жылдары судың тапшылығы сезілуде. Бұл барша диқандар қауымын алаңдатарлық жағдай. Менің білгім келгені биылғы жылы судың мөлшері қалай болар екен?

Сұраққа жауап 29.01.2019

Өткен жылы Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінде жиналған су көлемі, қажетті көлемнен 1,0 млрд. текше метр кем болуынан Сырдария өзенінде су тапшылығы орын алғаны баршамызға белгілі. Әсіресе, күріш дақылын су тапшылығын қатты сезінді. Нәтижесінде, шілде-тамыз айларында дариядағы облысқа келетін су азайып, егісті суаруда қиындықтар болды. Бірақ, алдын-ала жасалынған шаралардың арқасында, егінді көп шығынға ұшыратпай алып шықтық. Ал енді, биылғы жағдайға келер болсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстар комитеті берген мәлімет бойынша, қазіргі таңда Шардара су қоймасындағы судың көлемі 4,4 млрд. текше метр. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,2 млрд. текше метрге артық. Көксарай да бүгін күні 1,5 млрд. текше метрге жуық су жиналған. Бүгінгі күнге Шардарамен Көксарайда 5,8 млрд. текше метр су жиналып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 958,1 млн. текше метрге артық. Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, барлық аудандар мен Қызылорда қаласының су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспары жасалынған. Өздеріңіз байқаған шығарсыздар қазір Қызылорда тұсында дарияда су деңгейі төмен, оның себебі қыс кезінде жоғарыдан түскен суды мейлінше Көксарайға тастап, алдағы егіске су жинау. Біздің ұсынысымызға сәйкес Су ресурстары комитеті ақпан айынан бастап Көсарайға тастайтын су көлемін секундына 400 текшеметрге көбейтті. Жалпы биыл егілетін егісті сумен қамтамасыз ету үшін аталған су қоймаларында жиналатын су көлемін вегетациялық кезеңнің басында тиісінше Шардара су қоймасын 5,2 млрд текше метрге және Көксарай қарсы реттегішін 3,0 млрд текше метрге жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жауын-шашын мөлшеріде өткен жылға қарағанда бір-шама жоғары. Сондықтан, ағымдағы жылы суармалы сумен қамтамасыз етіледі деп есептеймін. Бұл, әрине болжам. Дегенмен, облыста егін егу және күтіп баптау кезіндегі қажетті су мөлшерімен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Сырдария өзеніндегі жағдай үнемі бақылауда болады. Туындаған сұрақтарыңыз болса облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің 8/7242/60-54-42 байланыс нөміріне хабарлассаңыз болады.


Атбас Қанатбаев

Бұрын Қармақшы ауданында сүт зауыты, сварка зауыты болды. Ал қазір екеуі де жоқ. Алдағы уақытта мұндай зауыттар Қармақшыда салына ма?

Сұраққа жауап 30.01.2019

Кеңес одағы кезінде барлық аудандарда сүт зауыттары болған. Нарықтық экономикаға көшкелі, аудандардағы сүт зауыттары бәсекеге қабілетсіз болуы себебінен жұмыстарын тоқтатқан. Бүгінгі күнге Қазалы ауданында «Рза» АҚ-да 660 басқа арналған тауарлы сүт фермасы зауыты мен жылдық қуаттылығы 10 тонналық сүт зауыты жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы бизнесімен айналысамын деген заңды және жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып отыр. Осындай бағыттарға жеңілдетілген несиелер қарастырылса, алған құрал жабдықтары инвестициялық субсидиялауға жатады. Биылғы жылдың өзінде Қармақшы ауданынан «Тұрмағанбет» ЖШС-гі сүт өңдеу цехын ашып, жыл аяғына дейін іске қосатын жоба ұсынып отыр. Туындаған сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мына байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады : 8/7242/60-54-41


Бекжанов Жеңіс

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер (субсидия) қарастырылуда?

Сұраққа жауап 03.02.2019

Үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан егін шаруашылығын қолдау мақсатында субсидиялауға байланысты бюджеттен барлығы 5 281,5 млн.теңге қаржы бөлінді (оның ішінде басым дақылдарға – 1974,1 млн. теңге, су жеткізіп беру құнын субсидиялауға – 435,8 млн. теңге, минералдық тыңайтқыштарға – 1 804 235,0 млн.теңге, гербицидтерге – 525,0 млн.теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 442,4 млн.теңге). 2018 жылғы инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1934,5 млн. теңге қаржы қаржы бөлінді. Бұл қаржы шаруашылық құрылымдардың сатып алған техникалары мен жабдықтарының, жаңадан салынған, сондай-ақ кеңейтілген өңдеу кәсіпорындарының құрылысы мен жабдықтарының 25 %-ын, тамшылатып және жаңбырлатып суарудың 50 %-ын, жайылымдықтағы инфрақұрылымдардың 80 %-ын субсидиялауға бағытталған. Мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау жалғасуда. Айта кетерлігі мал шаруашылығын субсидиялау ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағыты бойынша: Бүгінгі күні ет бағытындағы МІҚ малын сатып алуды алыс жақын шет елден импорттаған тауарөндірушілердің 1 бас асыл тұқымды қашарына 225,0 мың теңгеден субсидиялау нормативі қарастырылған. Бұдан өзге асыл тұқымды МІҚ малдарының аналықтарының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарына қатысқан әрбір аналықтарына 20,0 мың, тауарлы малдардың аналықтарына 10,0 теңге субсидия төленеді. Отандық асыл тұқымды бұқаларды сатып алғаны үшін 150,0 теңге субсидия төлеу бұрынғы қалпында қалдырылды. Селекциялық жұмыстарға қатысқан асыл тұқымды қой малдарының аналықтарына 2,5 мың, тауарлы малдардың әрбір басына 1,5 мың теңге субсидиялау қаралған. Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыты бойынша: тауарөндірушілердің «Сыбаға» бағдарламасына қатысып тұқым түрлендіруге қатысқан аналықтардан туған төлдерін 1000 бастан жоғары мал бордақылау алаңдарына өткізгені үшін әрбір өткізілген 1 бас бұқашықтың 1 кг тірі салмағына 200 теңгеден субсидия төлененсе, 1000 бастан жағары мал бордақылайтын бардақылау алаңдарының баққан әр бұқашықтарының қосқан қосымша салмақтарының ірбір киллограмына 200 теңгеден субсидиялау нормативй бекітілген. Бұдан өзге шаруашылықтардың, кооперативтердің әрбір өндіріген 1 кг сүтін субсидиялау қарастырылған. Егер ет, сүт өнімдерін өндіретін шаруашылық, кооператив немесе ЖШС қосымша құн салығын (Әрі қарай – ҚҚС) төлеуші болып танылса, онда «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бойныша өтінім тапсырып, дайындаушы ұйым болып тіркеледі. Тіркелген соң ай сайын басқармаға төлеген ҚҚС туралы ақпарат жолдап отырады. Нәтижесінде басқарма, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша шаруашылық, кооператив немесе ЖШС төлеген ҚҚС сомасын субсидиялау арқылы өтейтін болады.


Маргулан Ахметов

Шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаев және Достық көшелерінде жарықтар орнатылмаған, Осы мәселеге назар аударып, шешу жолын қарастырсаңыз.

Сұраққа жауап 18.03.2019

2019 жылға қаржы көлеміне Әйтеке би кентіндегі С.Мұханов, Жалатөс баһадүр, С.Сүлейменов, Әбілхайыр хан, Дәулеткерей көшелеріне түнгі жарықшамдар орнатылады. Ал, Ғ.Мұратбаев және Достық көшелеріне алдағы уақытта кезектілігіне сәйкес жарықшамдар орнатылатын болады.


АСЫЛХАН ЖОЛАШОВ

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Қазалы ауданы тұрғынымын. Қазіргі таңда жұмыссыз болып табыламын. Бұрын әкімшілік саласында, Кәсіпкерлер палатасында, жеке ЖШС те қызметтер атқардым. 2018 жылдан бастап жұмыссыз болып отырмын. Мемлекеттік қызметтің Б корпусының 3 бағдарламасы бойынша тесттен оң нәтиже алған сертификатым бар. Алайда жұмысқа тұру мәселесі қиындық туғызуда. Сізге және сіздің отбасыңызға амандық пен зор денсаулық, өңірі басшылығы қызметіңізге толағай табыстар мен жетістіктер тілей отырып, Елбасымыздың биылғы жылды Жастар жылы деп бекітуіне сәйкес жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазалы ауданы әкімдігі тарапынан қайта даярлау курстары мен ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылып, заң талаптары түсіндірілді. Алдағы уақытта бос жұмыс орындары болған жағдайда, сұранысқа сәйкес жұмыс ұсынылатын болады.


Жетербай Ешепетов

Биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Қазалы қаласындағы "Шағала" балалар лагерінде су басқаны белгілі. Жазғы демалыс айларының басталуына орай орталық бала қабылдауға дайынба?

Сұраққа жауап 18.03.2019

"Шағала" балалар лагеріндегі барлық ғимараттар қалпына келтірілді. Қазіргі таңда орталық жазғы демалыс айларында бала қабылдауға дайын.


Еркін Рат

Уважаемый Крымбек Елеуович! Большое спасибо, что даете возможность нам претворить мечту - учиться в МГУ!

Сұраққа жауап 18.03.2019

Уважаемый, Еркін! Мы рады что молодеж области имеет возможность получить образования в лучших учебных заведениях. Надеемся, что Вы станете хорошим мастером своего дела!


Әсет Мөлдір

Сәлеметсізбе! соңғы 3 жылды облыста жалпы кәсіпкерлікті қолдау жылы деп естідім. Өзімнің мамандығым ветеринар болғандықтан осы салада жеке кәсіп ашып, кәсіпкерлікпен айналыссам деп едім. Мемлекет тарапынан көмек-қолдаулар болады ма?

Сұраққа жауап 18.03.2019

- Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай-бағдарлама) бойынша ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда тұратын жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер және өнімсіз жұмыспен қамтылған, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативі және оның мүшелері, шаруа және фермерлік қожалық, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік кооперацияға қатысушы, зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмысшыларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары арқылы 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін 6 пайызбен микрокредит беріледі. Қатысушыға микрокредит алу үшін қойылатын міндетті шарттар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік кірістер органдарында тіркелуі және қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің және зәкірлік кооперацияларға қатысушылардың қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, МҚҰ-ға/КС-ға/"АШҚҚҚ" АҚ-ға Халықты жұмыспен қамту орталығы жолдамасының болуы болып табылады. Бағдарлама бойынша кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы микрокредит алған қатысушының микрокредиті ішінара кепілдендіріледі. Туындаған сұрақтар бойынша Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне 8/7242/60-54-43 хабарлассаңыз болады. - 2019 жылы облыста егіншілік саласы бойынша төмендегі бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсету жоспарлануда. 1) Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау (күріш жүйелері үшін сатып алынған суармалы судың 1 текше метріне ҚҚС қоса бекітілген тарифтен 50%-ын) 2) Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау (сатып алынған тыңайтқыштардың нарықтық құнының (ҚҚС-сыз) 50 пайызына дейін). 3) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату (сатып алынған өсімдік қорғау құралдарының нарықтық құнының (ҚҚС-сыз) 50 пайызына дейінсубсидиялау жоспарлануда. Ескерту: Норма әлі келісілген жоқ); 4) Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды сусидиялау (субсидиялау нормалары нақтыланбаған). Аталған бағдарламалар бойынша субсидиялауға жергілікті бюджеттен барлығы 5 181,5 млн.теңге қаржы қаралып отыр (оның ішінде: басым дақылдарға – 1974,1 млн. теңге, гербицидтерге – 524,9 млн.теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға – 442,4 млн.теңге, минералдық тыңайтқыштарға – 1804,2 млн.теңге және су жеткізіп беру құнын субсидиялауға – 435,9 млн. теңге). Осы мемлекеттік қолдаулар бойынша туындаған сұрақтарыңыз болса облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және өсімдік қорғау бөлімінің 8/7242/60-54-42 байланыс нөміріне хабарлассаңыз болады. - Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымына субсидия алуға «Тұқым шаруашылығын дамтуды субсидиялау» бағдарламасымен субсидиялар: 1) элиталық тұқым шаруашылықтарының (тұқым шаруашылықтарының, тұқым өткізушілердің) ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (ауыл шаруашылық кооперативтеріне) нақты босатқан норма бойынша элиталық тұқымдардың және (немесе) бірінші репродукция тұқымдарының шығындарын толық өтеуге; 2) ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің (ауыл шаруашылық кооперативтерінің) нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына сондай-ақ өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында немесе ағымдағы жылы сатып алынған элиталық көшеттерге жұмсалған шығындарын ішінара (50 %) өтеуге беріледі. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым шаруашылығы және астық инспециясы бөлімінің мына байланыс телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: 8/7242/60-54-44. - Бүгінгі күні кәсіпкерлікті қолдауға байланысты мал шаруашылығы саласы бойынша несиелендіруден бастап кәсіпті әрі қарай дамытуға дейін мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Мәселен «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығын несиелендірумен айналысатын екінші деңгейлі банктер арқылы ұзақ мерзімді 4 пайызбен және негізгі борышты өтеу бойынша 2 жылға жеңілдетілген мерзім қарастырылған. Сонымен қатар, бүгінгі күні мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауға байланысты тауарлы мүйізді ірі қара аналықғының селекциялық жұмыстарына 10 000 теңгеден, асыл тұқымды бұқа сатып алу құнын арзандатуға 150 000 теңгеден, шет елден сатып алынған асыл тұқымды ет бағытындағы мүйізді ірі қара аналығына 225 000 теңгеден, тұқымдық түрлендіруден алынған бұқашықтарды 1000 бастық бордақылау алаңдарына өткізгені үшін тірілей салмағына әр килограмына 200 теңгеден, тауарлы қой малының селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарына әр басына 1500 теңгеден, асыл тұқымды қой малының селекциялық асыл тұқымдық жұмыстарына әр басына 2500 теңгеден, асыл тұқымды тұқымдық қошқар сатып алу құнын арзандатуға 8000 мың теңгеден, асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу құнын арзандатуға 100 000 теңгеден, асыл тұқымды буралардың сатып алу құнын арзандатуға 100 000 теңгеден субсидиялау қарастырылған.Туындаған сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің байланыс нөміріне хабарласуыңызға болады : 8/7242/60-54-45. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 540 "Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мал шаруашылығын дамыту және мал жайылымдық жерлерді суландыру бойынша жайылымдық жерлерде құдық қазып, күн сәулелі панельдерін сатып алған ауыл шаруашылығы құрылымдарының жабдықтарды сатып алуға жұмсаған шығынының 80%-ы субсидияланып беріледі. Сонымен қатар, мал өсіруші шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникаларын (трактор, жатка, пресс-подборщик, косилка) сатып алатын болса, сатып алуға жұмсаған шығынның 25%-ы субсидияланып беріледі. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды автоматтандыру негізінде жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес инвестициялық субсидиялауға өтінім қабылдау "Qoldau.kz" сайты бойынша жүргізілетін болып отыр. Барлық сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция бөлімінің байланыс телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: 8/7242/60-54-50


Асылан Бақытбек

Қайырлы күн! Ақпарат, интернет желісі арқылы облыста ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне арналған «Агробиржа» сайты туралы ақпараттарды көріп жүрміз. Менің білгім келгені, осы «Агробиржа» сайтын қалай қолдана аламыз, мүмкіншілігі қандай? Бұл облыста экспорттың артуына жасалып жатырған жұмыстар ма? Білуімше, қазіргі таңда Қызылорда облысынан шет елге шығарылатын өнімнің саны артты. Рахмет.

Сұраққа жауап 18.03.2019

2017 жылдан бастап, азық-түлік тауарларының саудасын жүйелендіру, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін «Агробиржа» сайты іске қосылды. Тұтастай алғанда, «Агробиржа» электрондық сауда алаңы монополиялық емес баға белгілеудің, дұрыс бәсекелестіктің, көлеңкелі экономиканы заңдастыру арқылы үшінші тарап медиациясын жоюдың және жалпы алғанда Қызылорда облысының аграрлық секторының экспорттық әлеуетін арттырудың тиімді механизмінің нақты құралы болып табылады. Бұл жобаның іске асырылуы, біріншіден, қалыпты баға белгілеуді қамтамасыз етуге, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға, екіншіден, тауарларды тиімді бағамен сату арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға және үшіншіден, бюджеттік жүктемені азайтуға (тиімсіз субсидиялар санын азайту). Сайтты пайдалану үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған "Агробиржа" сайтына кіріп, жүйеге кіру батырмасын басып тіркелесіз. Хабарландыру салу батырмасы арқылы тауар өнімдерін жарнама ретінде сала аласыз. Сайттын мүмкіншіліктері: ауыл шаруашылық өнімдер, химикаттар, техникаларды сайтқа орналастырып тиімді бағада сатуға және түскен ұсыныстарды онлайн режимде көріп, тауар өндірушімен тікелей байланысқа шығуға мүмкіншілік береді. Бұл облыста экспорттың артуына ықпал жасау үшін қабылданып жатқан шаралар. Биржалық сауданың барлық қатысушыларына тең жағдай жасайды және базалық активі ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылатын тауарлық туынды құралдар нарығын дамытуға ықпал етеді. Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау 2018 жылдын қорытындысы бойынша Ресей, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина, Ауғанстан, Түркия, Түрікменстан, Украина, Грузия, Нидерланды, Польша, Литва елдеріне 85 045 тонна өнім экспортталды. Туындаған сұрақтар бойынша Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне 8/7242/60-54-43 хабарлассаңыз болады.


Нұрсұлтан Табынбай

Қайырлы күн, Қырымбек Елеуұлы! Мен бал арасын хобби ретінде өсіретінмін, қазір осы ісімді тұрақты кәсіпке айналдырғым келеді. Бұл бір жағынан табиғи таза өнім болса, екінші жағынан отбасыма қосымша табыс көзі. Сұрағым: осы бал арасымен айналысу үшін қандай көмек ала аламын және қай жақтан толықтай кеңес алуыма болады? Алдын ала рахмет!

Сұраққа жауап 18.03.2019

Бал арасын өсірумен айналысуды жаңадан бастайдын болсаңыз «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ры арқылы жеңілдетілген несиелер алуға болады. Мемлекет тарапына бал арасының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарына қатысқан әрбір ұясына 5000 теңгеден субсидиялау нормативі қарастырылған. Анықтама алу үшін байланыс телефондары: «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ, тел. 055-10-27; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, тел 26-20-74; 26-20-75; Сонымен қатар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөліміне 8/7242/60-54-45 хабарлассаңыз болады.


Қарлығаш Бегімбаева

Құрметті Қырымбек Елеуұлы, балық шаруашылығы облыста жақсы дамып келеді.Аралда балық өңдеу зауыттары салынуда.Бүгінгі күні, теңізден басқа жергілікті көлдерде тауарлы балық өсіруге мүмкіндіктер бар.Аквакультураны дамыту бағытында облыста қандай шаралар атқарылуда?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазіргі таңда балық өсіру (ауквакультура) шаруашылығын дамыту барысында мелекет тарапынан субсидиялау жолдары қарастырылған. Атап айтқанда биылғы жылы тауарлы балық өсірумен айналысатын тауарөндірушілердің балық өсіруге жұмсаған шығындарын ішінара субсидиялауға облыстық бюджеттен 4200,0 мың теңге қаржы қаралып отыр. Туындаған сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің байлныс нөміріне хабарласуыңызға болады : 8/7242/60-54-45.


Марина Белсенбаева

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несие түріндегі тұрғын үйге және бір жолғы көтерме жәрдемақыға қалай қол жеткізуге болады?

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидасына сәйкес жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында екі бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады. Ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан мамандарға бір жолғы көтерме жәрдемақы және жеңілдетілген несиемен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары беріледі. Әлеуметтік қолдау шаралары әр жыл сайын АЕК көрсеткішке сәйкес белгіленіп отырады. Жоба бойынша ауылдық елді мекенге барып денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласына жұмысқа орналасқан маман ғана әлеуметтік қолдау шараларына алуға мүмкін ала алады. Әлеуметтік қолдау шараларын алуға мамандар құжаттарын Қызылорда қаласы және аудандардың ауыл шаруашылығы бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы тапсырады. Бұл ретте: - Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; - жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі; -білімі туралы дипломының көшірмесі; - көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер (көші-қон полициясынан); - тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы; - сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі; - неке туралы куілік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін); - аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама. Қосымша туындаған сұрақтарыңыз бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық сараптау бөлімнің мына байланыс нөміріне хабарлассаңыз болады: 8/7242/60-54-49


Сұлу Омарова

Сәлеметсіз бе? Жылда қыс келген сайын көкөніс өнімдері, әсіресе, қызанақ, қияр, картоп, жуа бағалары күрт көтеріледі. Осыны тұрақтандыруға болады ма?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Біріншіден мұның басты себебі, облыста көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжай шаруашылығы дамымағандығынан. Облыстың агросекторын дамытуға бағытталған Агрокартасында ішкі нарықты молықтыратын салалар ретінде жылыжай, жеміс екпелері мен құс шаруашылықтарын дамыта бастадық. Осының арқасында қазіргі таңда облыста 11 жылыжай (егіс көлемі – 6,7 га) және 7 көкөніс сақтау қоймалары (қуаттылығы - 9 мың тонна) жұмыс жасауда.Қызылорда қаласында жылына 900 тонна қызанақ өндіретін заманауи кешенді жылыжай жобасы іске асырылуда, ал биыл Шиелі ауданында жылына 60 тонна көкөніс өндіретін жылыжай құрылысы басталады. Облыста 2020 жылға жеке инверсторлар есебінен 3 көкөніс сақтау қоймаларын салуды жоспарлап отырмыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тұрақтандыру қорының көкөніс сақтау қоймасы ретінде «Байқоңыр» ӘКК-ның қуаттылығы 3,2 мың тонна құрайтын көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорындағы картоптың 1 келісін бөлшек саудада 65 теңгеден, пияз бен сәбіз 60 теңгеден әлеуметтік дүкендер желісінде сатылуда. Сонымен қатар «Мирас» сауда үйімен әріптестік негізінде өткен жылы 5 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері нарықтан төмен бағада сатылды, биылғы жылы осы тәжірибе жалғасын табатын болады. Туындаған сұрақтар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміне 8/7242/60-54-43 хабарлассаңыз болады.


Айгул Тондиева

Қайырлы күн, Қырымбек Елеуұлы! Сұрағым ауыл шаруашылығы, оның ішінде тұқым шаруашылығына байланысты. Қандай шарттар сақталған жағдайда тұқым шаруашылығын дамытудың субсидиясы төленетін болады. Осы туралы айта кетсеңіз. Рахмет!

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" қағидаларының 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген субсидиялар осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) нақты босатылған норма бойынша элиталық тұқымдарға және (немесе) бірінші репродукция тұқымдарына субсидия алуға өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді. Қағиданың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидиялар Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауылшартауарөндiрушi (ауылшаркооперативі) элиталық тұқым өсіру шаруашылығынан (тұқым өсіру шаруашылығынан, тұқым өткізушілерден) толық құны бойынша нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары (мақтаның бірінші немесе екінші репродукция тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттері) үшін субсидиялар алуға өтінімді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берген жағдайда төленеді. Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарын, мақта тұқымдарын және (немесе) элиталық көшеттерді шарт негізінде элиттұқымшардан (тұқымшардан, өткізушіден) арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы береді. Мұндай жағдайда субсидия элиттұқымшарға (тұқымшарға, өткізушіге) элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес нақты өткізілген бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары, мақта тұқымдары және (немесе) элиталық көшеттер жөніндегі мәліметтерді енгізген жағдайда төленеді. Элиттұқымшар (тұқымшар, өткізуші) өтпелі өтінімге нақты өткізілген бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары, мақта тұқымдары және (немесе) элиталық көшеттер жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) өтпелі өтінімді қайта беруге құқылы. Қосымша сұрақтарыңыз бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тұқым шаруашылығы және астық инспециясы бөлімінің мына байланыс телефон нөміріне хабарласуыңызға болады: 8/7242/60-54-44.


Ақжан Сапарова

Пәтер жалдап тұрамыз, 4 балам бар. Атам Өтегенов Дауылбай - астмамен ауырады, екі көзі көрмейді. Дәрігерлік есепте тұрады, 55 мың теңге пенсия алады. Атам жалғызбасты қарт кісі ретінде 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Бірақ, тұрғын үйге әлі қол жеткізбедік. Күйеуім де жұмыссыз. Атаулы әлеуметтік көмек алып ешқандай қайырын көрмедік. Күйеуім ИП ашып, аяқ киім тігумен айналысты. Бірақ, отырған жерін арендаға алып жұмыс жасаған соң, ақшамыз сонымен кетті. Менің сізге қоятын сауалым - тұрғын үймен және тұрақты жұмыспен қамтуға көмек жасасаңыз. Мамандығым - медсестра. Жағдайымыз қиын, пәтерде тұрып қиналып кеттік. Тым болмаса уақытша баспана берсеңіздер.

Сұраққа жауап 18.03.2019

Өтен Дауылбай 2017 жылғы 28 маусымда күні (халықтық әлеуметтік осал топтары) санаты бойынша кезектілікке тіркеліп, қазіргі таңда №327 кезекте тұр. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына сәйкес, Өтен Дауылбайға кезегі келгенде тұрғын үй комиссиясы шешімі негізінде тұрғын үй берілетіндігі айтылып, тұрғын үйді кезегінен бұрын беру заңнамаға қайшы болып табылатындығы түсіндірілді. Сонымен қатар, Сіз 2019 жылдың 27 ақпанынан бастап "Халықты жұмыспен қамту орталығында" жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрсыз. Қазіргі таңда, мейірбике мамандығы бойынша бос жұмыс орнына сұраныс жоқ. Алдағы уақытта мекемелерден бос жұмыс орны түскен жағдайда ұсынылатын болады. Негізінен, Сіз 2018 жылдың ақпан айы мен шілде айы аралығында 163,698 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алғансыз. Жолдасыңыз Утенов Мейрамбек пробация қызметі есебінде тіркеуде тұр. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 наурызы күні №30-28-14-2-169 санды хатымен М.Утеновке әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы бойынша хат жолданды. Хат негізінде М.Утеновке ҚР "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдылықтары түсіндіріліп, оған ақылы қоғамдық жұмыс негіздегі жұмыс ұсынылып, құжаттарын жинақтауға құжаттар тізбесі берілді. Алайда, М.Утенов осы кезге дейін Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде өтініш бермей отыр.


Ақжан Бақыт

Сәлеметсіз бе, Қырымбек Елеуұлы? Мен Әйтеке би кентіндегі Т.Әубәкіров №21 үйде - әке-шешемнен қалған үйде күйеуіммен, ініммен бірге тұрып жатырмын. Әке-шешем қайтыс болды, анамның қайтқанына 4 жыл. Осы уақыт аралығында ешкімнен көмек сұраған емеспін. Сырттай оқып жатырмын, інім Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінде ақылы түрде оқып жатыр. Әйтеуір, біраз қиындықпен жасы 16-дағы інімді оқытып жатырмын. Мұны міндетім деп есептеймін. Сізден сұрайтыным, қамқоршылыққа алған інімнің оқуына, өзіме тұрақты жұмыс болса қарастыруға көмек берсеңіз. Ата-анасы жоқ тұл жетім ретінде інім қандай көмектер ала алады?

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2019 жылдың 1-ші сәуірінен бастап қоғамдық жұмысқа 6 ай мерзімге жолданасыз. Бұдан басқа, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңы бойынша, егер кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған "жетім "балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тәрбиешімен шарт жасасқан күннен бастап алты ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін мемлекеттік тұрғын үй қорындаға тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жергілікті атқарушы органға есепке қойылуы тиіс. Егер кезекке қойылған жағдайда, кезегіне сәйкес тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар.


Айнұр Жакупова

Сәлеметсіздер ме, мен Әйтеке би кентіндегі Сейфуллин 43 үйде тұрамын. Отбасымызда көп жанбыз. №234 мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Тұрмыстық қажеттіліктерге орай Каспий банктен 800 000 теңге кредит рәсімдеген болатынмын. Алайда түрлі қиындықтарға байланысты төлей алмай қалдым. Қазір жеті айдан асты, банк карточкамды жауып тастап, айлық жалақымды ала алмай, коммуналдық қызметтерге: газға, суға, жарық төлемдерін де кешіктіріп отырмын. Жас маман ретінде тұрғын үй алғанмын, оның да ай сайынғы төлемақысы төленбей қалды. Бармаған жерім жоқ, Алматыға банктің орталық кеңсесіне де бардым, бірден төлеп беруімді талап етті. Сотқа жүгінуіме болады екен, бірақ Қазалы аудандық соты арызымды қабылдамады. Кредитімді өтеуден қашып отырғаным жоқ, маған банк қайтадан төлем кестесін жасап, айлығымнан ұстап отырса да разымын. Бірақ, ортақ келісім болмады. Не істерімді білмей де тұрмын. Осы мәселеге орай, маған қандай көмек бере аласыздар?

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 7-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкілердің қызметіне араласуына тыйым салынатындығы, соған сәйкес олардың іс-әрекеттеріне кез келген заңды және жеке тұлға заңсыз араласа алмайтындығын білдіреміз.


Ажаркүл Айдынқұлова

Құрметті Қырымбек Көшербаев мырза! Мен көп балалы анамын. 1997 жылы тұрмыс құрғанымда күйеуімнің 4 баласы бар еді, анасы қайтыс болған кезде кішкентайы 1,5 жаста болатын. Жолдасым екеумізден 4 бала дүниеге келді. Барлығын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп жетілдірдік, құдайға шүкір, сол балалардың алды отыз жасқа келді. Осы уақытқа дейін мемлекеттен ешқандай көмек алмадым, мәселен қамқоршылық туралы білмеппін де. Балаларды жолдасым екеуміз жетілдіреміз деп тынбай еңбек еттік, жемісін де көріп жатырмыз. Қазіргі таңда науқаспын, жүрегіме аппарат қойылған. Сізден сұрайын дегенім, осы балалардың анасы ретінде көп балалы ана құқығын ала алам ба? Себебі, балаларым "соған лайықсыз" дейді, мемлекет неге мені қолдамайды? Қазіргі заманда тіпті туған баласын далаға тастап кетіп жатқандар бар. Қандай көмектеріңіз бар, "Алтын алқа" не "Күміс алқа" ала алам ба, алудың жолдары қандай? Маған осы мәселеде көмек берсеңіздер.

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңына сәйкес "Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады делінген. Бұл жөнінде Өзіңізге Қазалы ауданы әкімдігі тарапынан толық түсініктеме берілді.


Жанат Қайназарова

Жалғызбасты, үш балалы анамын. Білімім – жалпы орта. Жасымнан тігін өнерін жақсы көремін. Тігін машинасын алып, мүмкіндігі шектеулі жұмысқа қабілеті бар әйелдермен бірігіп, осы өнерімді қолға алып, кәсіп ашқым келеді. Бірнеше рет Қазалыдағы кәсіпкерлік палатасына барып кеңес алдым. Маған алғаш кәсібімді ашу үшін грант негізінде тігін машинасы және материалдар ғана қажет. Оған 500 мыңдай ғана қаражат кетеді. Кәсіпкерлік палатасынан қазір ондай гранттар жоқ деген жауап алдым. Мемлекетіміз кәсіп аш, қарап отырма, елімізде шағын және орта бизнесті дамытамыз деп жатыр. Әркім қолынан келгенін жасайды ғой. Тігін өнерімен несие алу мен үшін тиімсіз. Сондықтан осы кәсібімді бастауға қандай көмек бар? Қолдау бола ма?

Сұраққа жауап 03.02.2019

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында (1 қосымшаға) және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (2 қосымшаға) өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.


Ибраев Жетен

Мустафа Шоқай көшесінде Астана даңғылы мен Бейбарыс көшесінің аралығына аяқ су мәселесін оң шешімін тапса? Арық бар,талды тұрғындар өзі ақ егеді бырақ жылда су келмейді, талдарымызды қолмен су аруға мүмкіншілік жоқ

Сұраққа жауап 03.02.2019

Қызылорда қаласынсуландыру, аяқ су мен қамтамасызету жүйелерін қалыптастыруға орай жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаражат бөлініп, қалалық құрылыс бөлімі арқылы өткізілген мемлекеттік сатыпалу конкурсы нәтижесімен «Қазсушар республикалық мемлекеттік кәсіпорыны тиісті жұмыстарды рәсімдеді. Жасалған жоба-смета құжаттары бойынша анықталған жұмыс түрлеріне сәйкес қазіргі таңда Дүние жүзілік Ислам Банкке ұсыныстар дайындауда. Аталған қаржы шешілген жағдайда Қызылорда қаласын түбегейлі аяқсу мен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайтын болады.


Мадина Әбдіқалық

Қаламыздағы Гагарин қыстағындағы Нышан Шаменұлы көшесін жарықтандыру мәселесін қарауыңызды сұраймын?

Сұраққа жауап 03.02.2019

Гагарин қыстағындағы Нышан Шаменұлы көшесі қала бойынша жарық бағаналарын орнатуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлуге жұмыстар атқарылатын болады


Ақбота Әбдіқалық

Қала ішіндегі бірқатар мөлтек аудандарда кәріз жүйесінің жағымсыз иісі шығып жатады. Бұл адамның денсаулығына зиян екендігі айтпаса да түсінікті. Бұл иістен қашан арыламыз?

Сұраққа жауап 03.02.2019

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 2011-2018 жылдар арасында 131 көппәтерлі тұрғын үйлер жөндеуден өткізілді.


Роза Шалтақбаева

Аманхан Сәдуақас 73 көшесінің тұрғынымын. Көшемізде жарықтың орнатылмауынан кешқұрым емін еркін жүре алмаймыз. Энергосервиске хабарластым, бір біріне сілтей береді. Сіздің бұл мәселенің шешілуіне ықпал еткеніңізді сұраймыз?

Сұраққа жауап 03.02.2019

Аманхан Сәдуақас көшесі қала бойынша жарық бағаналарын орнатуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлуге жұмыстар атқарылатын болады


Батырхан Исаханов

Мен Титовта, Қоғалы көшесі 3 үйде тұрамын. Есік алдында балаларымыздың ойнайтын алаң жоқ. Басқа мөлтек аудандардан көріп жүрміз салынып жатқандығын. Ал Титовта бұл жұмыс қашан қолға алынады?

Сұраққа жауап 03.02.2019

"Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қазіргі таңда бөлім тарапынан қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына балалар ойын алаңын салу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Дегенмен, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қазіргі заман талабына сай балалар ойын спорт алаңдарын салу мақсатында жоба смета құжаттары әзірленіп тиісті бюджеттік өтінімдер өткізілді. Жоғарыда аталған ұсыныстар қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.


Жандос Базарханов

Мен Титовта қоғалы көшесінде тұрамын. Көшеде мүлдем жарық жоқ. Көшемізге қашан жарық қойылады?

Сұраққа жауап 03.02.2019

Қоғалы көшесі қала бойынша жарық бағаналарын орнатуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлуге жұмыстар атқарылатын болады


Мадиев Бахытбек

Гагарин қыстағы балалар ойын алаңымен қамтамасыз етілсе және гагарин қыстағында орталықтандырылған кәріз жүйесін жүргізіп, ауыз су қысымын жоғарылатуды сұраймын.

Сұраққа жауап 03.02.2019

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, қазіргі таңда бөлім тарапынан қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер аулаларына балалар ойын алаңын салу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді. Дегенмен, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына қазіргі заман талабына сай балалар ойын спорт алаңдарын салу мақсатында жоба смета құжаттары әзірленіп тиісті бюджеттік өтінімдер өткізілді. Жоғарыда аталған ұсыныстар қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.


Базаркул Избаскан

М/р мерей дом 23. Крыша протекает, подвал полон воды ,подъезд без окон и дверей .Требуется ремонт.Просим Вашего содействия .

Сұраққа жауап 03.02.2019

согласно ст. 35. п.2, «Закона О жилищных отнощениях» РК, «Собственники помещений (квартир) обязаны участвовать во всех расходах на содержание общего имущества и дома, несут ответственность за сохранность и безопасную эксплуатацию общего имущества и помещений, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности». В соответствии с государственной программой модернизация жилищно-коммунального хозяйства Республики Казахстан на 2011-2020 г.г. для начала проведения капитального ремонта – модернизации, необходимо выражение согласия 70% жителей дома. В связи с этим сообщаем, что при выражении письменного согласия 70% жителей дома, модернизация в доме будет проведена в порядке очередности. Капитальный ремонт согласно вышеназванной программы будут выполняться по мере выделения средств из бюджета.


Бақтияр Базарбаев

Қызылорда қаласында аяқ су мәселесі қашан толық шешіледі?

Сұраққа жауап 03.02.2019

Қызылорда қаласын суландыру, аяқ су мен қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастыруға орайжоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаражат бөлініп, қалалық құрылыс бөлімі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қазсушар республикалық мемлекеттік кәсіпорыны тиісті жұмыстарды рәсімдеді. Жасалған жоба-смета құжаттары бойынша анықталған жұмыс түрлеріне сәйкес қазіргі таңда Дүние жүзілік Ислам Банкке ұсыныстар дайындауда. Аталған қаржы шешілген жағдайда Қызылорда қаласын түбегейлі аяқ сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайтын болады.


Айбек Дарушов

Жаңадан салынған үйді аларда барлық пәтердегі жылу есептегіш құрал арқылы жүргізілген деп ескерткен. Ондай құрылғымыз бар, жұмыс жасап тұр. Осы жылудың ақысын есептегіш құрал (счетчик) арқылы алынса.

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қызылорда қаласында жаңада нсалынған көп қабатты тұрғын үйлердің жылу есептегіш құралының (счетчик) паспорттарының «Қызылорда жылу электр орталығы» мен «Қалалық құрылыс бөлімі» арқылы көшірмелерін алатынын хабарлайды.


Ақтоты Абдуллаева

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында мәдениет ошақтары, көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеріп келеді, осы жақта қала тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін құрылыстар салынады ма?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қызылорда облыс әкімімен 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №809 Сырдария өзенінің сол жақ жағалауынан 1532 гектар аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген болатын. қазіргі таңда бекітілген жоспарға сәйкес, велоспорт мектебі, атракцион ойын-сауық орталықтары, жабық үлгідегі футбол манежіне жер учаскелері табысталды. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында, көпсалалы спорт кешені, 15000 орындық жабық үлгідегі стадион, әмбебап алаңдармен теннис корттары, спорттық парктер сауықтыру кешендері қаралғандығын хабарлаймыз.


Тілеубек Әділбаев

Тілеубек Әділбаев Мен Арай мөлтек ауданындағы дачада тұрамын. Мұнда ешқандай жағдай жасалмаған. Бұл маңға қашан мөлтек аудан статусы беріледі?

Сұраққа жауап 18.03.2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының Бас жоспарына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің талаптарына сәйкес, «Арай-Шұғыла» бау-бақша серіктестігі жер санаты бойынша бағбандық жер болып белгіленген. Арай тұрғын ауданы бүгінгі күні нақты жағдайда қала аумағына қосылып кетуіне және тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының Бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, Арай тұрғын ауданы бас жоспарға қосылды. Қызылорда қаласының бас жоспарына түзетулер енгізу жобасы облыс, қала әкімдіктерімен толықтай келісіліп, облыстық маслихат сессияларының шешімімен мақұлданды. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінен кешенді сараптама алынып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекіту үшін ұсынылғандығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, «Арай» шағын ауданы мен оған жанасып жатқан саяжайлар массивтерінің (550 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуге қажетті қаражат көздері қарастырылып, бүгінгі күні «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-сі тарапынан конкурс жарияланып, «Сартөбе» ЖШС жеңімпаз болып егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Осы ретте, жоғарыда аталған жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілгеннен кейін Арай тұрғын ауданы толықтай қала аумағына қосылады.


Асем Баймаханова

Салеметсизбе! Сурак: 89ж туылганмын.Мамандыгым каржы.Отбасылымын.Жумыссызбын.Ойымда бир цех ашу бар тосек жабдык(постельное белье).Даму сертификатын окып алдым онлайн.банктерден,даму корынан стартап жуйеси бойынша несие алу киындык тугызып тур мулик кепилин сурап.Бизнес планымды кайда апарсам болады?!Коп балалы ана болган сон да бала санына коп ман береди екен каржы уйымдары неге?Мен балдарымды бир айлыкты жумыспен асырай алмагандыктан оз касибимди бастагым келеди. Менен зейнетакылык аударымдар мен мулик сурамай несиеге кол ушын созатын кандай мекеме н/е кор не банк бар Кызылордада?!

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасының шарттары өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін жоба бастамашыларына үлкен мүмкіндік. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін жоба иесі өз бизнес жоспарымен, ең алдымен құзырлы орындарға яғни, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы немесе қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жүгінеді. Өз кезегінде, аталған орындар келушінің алдымен бизнес жоспарымен танысып, өз кәсібін ашуға немесе одан әрі дамыту үшін қолайлы мемлекеттік бағдарламалар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бағдарлама аясында несие алу үшін қажетті құжаттар тізімі ұсынылады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша кәсібін бастаушы жобасына несие алу үшін, белгілі бір кепілдеме (жылжымайтын мүлік) ұсыну қажет. Сонымен бірге, ұсынушы яғни талапкер тарапынан кепілдеме мөлшері жетпеген жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейлі банктерге жоба ұсынушының есебіне орай, кепілдеме береді. Айта кетерлігі, барлық бизнес жоспарлар облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан тегін әзірленеді.


Михаил Флейшман

Уважаемый Крымбек Елеуович! Сперва хотел бы поблагодарить Вас за плодотворный труд в развитии нашего региона. Я заместитель директора ТОО КУАТ Михаил Флейшман. В 2018 г мы расширили линейку нашей продукции освоив выпуск труб диаметром 630 мм для водоснабжения и газификации. На сегодняшний день необходима загрузка предприятия. Может ли акимат оказать содействие в увеличении загрузки наших производственных мощностей? Спасибо.

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Қуат» ЖШС-нің өнім көлемін ұлғайту бағытында шығарылып жатқан су және газ жүйелерін жеткізуге арналған диаметрі 630 мм болатын құбырларды жөнінде жергілікті кәсіпорындарға, құрылыс мекемелерінің назарына жеткізілетін болады.


Назерке Шарападдин

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Елбасы өзінің Жолдауында 2019 жыл "Жастар жылы" деп жариялады. Осыған орай, жас кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары қарастырылған.

Сұраққа жауап 18.03.2019

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасының шарттары өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін жас бастамашыларға үлкен мүмкіндік. Бұл ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін жоба иесі өз бизнес жоспарымен, ең алдымен құзырлы орындарға яғни, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы немесе қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне жүгінеді. Өз кезегінде, аталған орындар келушінің алдымен бизнес жоспарымен танысып, өз кәсібін ашуға немесе одан әрі дамыту үшін қолайлы мемлекеттік бағдарламалар жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бағдарлама аясында несие алу үшін қажетті құжаттар тізімі ұсынылады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша кәсібін бастаушы жобасына несие алу үшін, белгілі бір кепілдеме (жылжымайтын мүлік) ұсыну қажет. Сонымен бірге, ұсынушы яғни талапкер тарапынан кепілдеме мөлшері жетпеген жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейлі банктерге жоба ұсынушының есебіне орай, кепілдеме береді. Айта кетерлігі, барлық бизнес жоспарлар облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан тегін әзірленеді. Барлық жобалар «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроГарант» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады. Сонымен қатар, бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған бағдарламаға қатысушыларға қайтарымсыз негізде 252 мың теңге (100 АЕК) мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі. Аталған грантты алуға үміткерлер алдымен жергілікті жұмыспен қамту орталығына тіркеледі, кірістер басқармасына барып жеке кәсіпкерлігін ашады. Бағдарламаның 1-ші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқу курстарын аяқтаған азаматтар қатыса алады. Мемлекеттік грант жаңа бизнес идеяларға беріледі. Ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерге мемлекеттік гранттар ұсыну «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде де жүзеге асырылады. Яғни инновацияларды енгізуші жеке кәсіпкерлерге жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді.Гранттарды ұсыну тәртібі; қызмет түрлері шектеусіз, конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған жеке кәсіпкерлер грант ұсынуға арналған конкурстың қатысушылары бола алады. Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкер тарапынан ұсынылып отырған гранттың көлемінен кемінде 10 пайыз мөлшерінде оны іске асыру шығындарын бірге қаржыландыруы тиіс. Кәсіпкер үшін гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 млн теңгеден аспайды. Гранттық негізде берілетін қаражатты алу үшін құжаттарды Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы алдын ала жергілікті БАҚ конкурс өтетіндігі туралы хабарлай отырып қабылдайды.